3-1-бап. Микроқаржылық қызметке қойылатын жалпы талаптар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымдары (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында қаржылық қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен іс-қимылдар жиынтығын көздейтін, оның ішінде мыналарға:
1) қаржы өнімдерін басқаруға;
2) микрокредиттер беру жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуге;
3) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде жосықсыз практикаларға жол бермеуге;
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауға;
5) тиісті іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қатысты жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті.
Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-тарауында белгіленеді.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – микроқаржы ұйымдары) қызметін олардың жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады.
3. Микрокредиттер беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар:
1) микрокредиттер беру қағидаларын қамтуға тиіс мәліметтер тізбесін;
2) микрокредиттер беру және клиенттерге консультация беру кезінде ақпаратты ашып көрсету тәртібін;
3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібін, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды;
3-1) микрокредитті электрондық тәсілмен беру тәртібін;
4) микрокредиттер беру кезіндегі адал мінез-құлық қағидаттарын;
5) жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілерін, сондай-ақ микрокредиттер беру кезінде оларды анықтау тәртібін;
6) төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алудың тәртібі мен жауапты іскерлік практикаларын;
7) микроқаржылық қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын микроқаржы ұйымдарының қарау тәртібін;
8) клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Микрокредиттер беру қағидаларында тізбесі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерден басқа, клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ереже, оның ішінде:
мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету тәртібі;
сенім білдірілген адамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету ерекшеліктері қамтылуға тиіс.
4. Микрокредиттер беру қағидалары ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық құпияның немесе микрокредит беру құпиясының нысанасы бола алмайды.
5. Микроқаржы ұйымдары тәуекелдерді бағалау және басқару мақсатында өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) қызметтер көрсету кезінде жасанды интеллектіні пайдалануға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып қабылданған шешімдер үшін жауапты болады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау