Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 29-бап. Рекламация Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

29-бап. Рекламация Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-бап. Рекламация Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      1. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде пайдалану орны бойынша ақау анықталған не өндірілгені, жаңғыртылғаны, жөнделгені не техникалық қызмет көрсетуден өткені істен шыққан кезде белгіленген кепілдік мерзімі ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арқылы уәкілетті органды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті, әскери өкілді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны дереу хабардар етеді. Бұл тауар (өнім) пайдаланудан шығарылады және оның одан әрі зақымдалуын болғызбайтын әдіспен ақаудың немесе істен шығуының себептерін анықтағанға дейін одан әрі сақтау орнына жеткізіледі. 

      2. Өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлардағы (өнімдердегі), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардағы (өнімдердегі), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердегі ақаудың себептерін анықтау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өкілдерінің және әскери өкілдердің (болған кезде) қатысуымен бірлескен комиссия құрылады. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалады. 

      3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған жағдайда, әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) пайдалану процесінде: 

      1) тауарлардың (өнімдердің) өздерінің не олардың қосалқы бөлшектері мен жиынтықтауыштарының контрафактілі шығарылғаны; 

      2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта, тактикалық-техникалық тапсырмада (техникалық өзіндік ерекшелікте, тактикалық-техникалық сипаттамада) және конструкторлық-технологиялық құжаттамада, сондай-ақ тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарының бірі оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндіруі болса, тауарларды (өнімдерді), олардың қосалқы бөлшектерін және жиынтықтауыштарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндірмегені; 

      3) тауарда (өнімде) жөндеуге келмейтін ақау анықталған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға толықтай ауыстыру үшін қайтарылуы мүмкін. 

      4. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде) жөндеуге келмейтін, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсінен болған, жасырын сипаты бар және зауыттық жағдайларда ғана анықталуы мүмкін ақау анықталған кезде, ақаулық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілген барлық тауарларда (өнімдерде) бар деп пайымдауға негіздер болса, тауарлардың (өнімдердің) барлық сериясы қайтарылуға жатады. 

      5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) не олардың сериясын оларды кейіннен ауыстыра отырып, өз бетінше кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ауыстыру мерзімі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға салынатын айыппұл санкцияларының сомасына ескеріледі. 

      6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған кезде оған айыппұл санкциялары салынады, олардың мөлшері мазмұны мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартта әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде ақау анықталғандығы не мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілгенінің, жаңғыртылғанының, жөнделгенінің не техникалық қызмет көрсетуден өткенінің істен шығуы туралы хабарлама алынған күннен бастап белгіленген кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін белгіленеді. 

      7. Егер комиссия мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) дұрыс пайдаланбаудың және олардың істен шығуының арасындағы себептік-салдарлық байланысты анықтаса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі танылмайды. 

 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы