29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
Кәсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.
2. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша барлық есепке жазылған кірістер аталған шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.
2-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістер жеке көмекшілердің кірістері болып табылады.
2-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сәйкес интернет-платформалар пайдаланыла отырып, көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері олардың кірістері болып табылады.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-2-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда қорға жарналарды төлеу әрбір есептеу объектісінен жүзеге асырылады.
3. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық органы берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары:
1) дербес төлеушілер;
2) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен. - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII ҚРЗ
4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер;
3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;
4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.
Осы тармақтың күші мыналарға қолданылмайды:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістері;
осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың кірістері.
жеке көмекшілердің кірістері.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы