⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу:

      1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау;

      2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау;

      3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу;

      4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

      3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады.

      4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы