⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

282-1-бап. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен даярлауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі. 

      2. Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және олар "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ: 

      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторды қолдап отыруды ұйымдастыру; 

      2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның орталық және өңірлік деңгейлерде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 

      3) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 

      4) инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу, сондай-ақ инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды мониторингтеу тәртібін айқындайды. 

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға осы қызметтерді көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оларды қолдап отыру үшін жауапты тұлғаларды айқындайды. 

      3. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар инвесторлар үшін "бір терезе" шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді алу бөлігінде инвесторлардың құжаттарын енгізуге құқылы. 

      Ескерту. 25-тарау 282-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

104-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттардың соттылығына жататын әкімшілік істер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

104-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттардың соттылығына жататын әкімшілік істер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Облыстық және оларға...

Толық оқу »

241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Венчурлік қорлар мен жекеменшік ве...

Толық оқу »

274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қа...

Толық оқу »

276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Инвестордың құқықтары м...

Толық оқу »

278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қам...

Толық оқу »

279-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

279-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Инвестордың мүлкiн...

Толық оқу »

280-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға өтуі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

280-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға өтуі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлеттік берген мемлекеттiк орган Қазақст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (ЭМ) инвесторлардың әкімшілік талап қоюлары

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (ЭМ) инвесторлардың әкімшілік талап қоюлары Істерді егжей-тегжейлі талдау қайтаруға негізгі себеп талап қоюшының сот ісін ж...

Толық оқу »