Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-бап. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

  1. Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушi орындаушымен бірге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады.
  2. Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
  3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
  4. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.
  5. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердің түрлерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердің түрлерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Алқабилер қатысатын сотта қылмыстық iстi талқылау...

Толық оқу »

392-бапқа түсініктеме. Үкімдердің түрлері сот үкімі Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексін айыптау немесе Ақтау болуы мүмкін

392-бапқа түсініктеме. Үкімдердің түрлері сот үкімі Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексін айыптау немесе Ақтау болуы мүмкін1.Заң шығарушы үкімнің тек екі түрі...

Толық оқу »

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекетте...

Толық оқу »

657-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің алқабилерінің қатысуымен сот қабылдайтын шешімдердің түрлері

657-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің алқабилерінің қатысуымен сот қабылдайтын шешімдердің түрлеріАлқабилердің қатысуымен сотта қылмыст...

Толық оқу »