28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.
1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналары өздерінің таңдауы бойынша жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған мөлшерде айқындалады.
4. Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4-1. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сәйкес интернет-платформалар пайдаланыла отырып, көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
5-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің кірісі осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII ҚРЗ
5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
7. Қорға жарналар төлеуден мыналар:
1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;
2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы