28-4-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді соттың бекітуі Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей борышкер өзінің берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
2. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы өтінішке борышкер:
1) борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қойған, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді;
2) барлық кредитордың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін, сондай-ақ берешек сомаларын көрсете отырып, олардың тізімін қоса береді.
3. Борышкердің берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша сот мына ұйғарымдардың бірін шығарады:
1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы;
2) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы.
4. Борышкердің берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден соттың бас тартуы үшін:
1) кредиторлардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы;
2) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.
5. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім борышкердің, кредитордың (кредиторлардың) және (немесе) келісімге қатысқан үшінші тұлғалардың мұндай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күнінен бастап орындалуға міндетті болып табылады.
6. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда, борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2 және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші – берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
7. Кредитор (кредиторлар) мынадай:
1) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған;
2) осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасамаған жағдайларда, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
8. Осы Заңның 28-3-бабының 3-тармағында көрсетілген үшінші тұлғалар борышкер берешекті қайта құрылымдау туралы келісімнің шарттарын бұзған жағдайда осындай келісімді бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталды деп есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдардың күші соттың берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы шешімі не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің, дауды дау нысанасы бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімінің бекітілуіне байланысты соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жөніндегі ұйғарымы заңды күшіне енген, оның ішінде берешекті жаңа шарттарда қайта құрылымдау туралы келісім жасалған күннен бастап тоқтатылады.
9. Кредитордың (кредиторлардың) берешекті қайта құрылымдау туралы келісім қолданылған кезең ішінде егер борышкер мұндай келісімнің барлық шарттарын сақтаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы