278-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілердің тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде, тіркеп-белгіленген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны олардың бастапқы құны болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдаланылуы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы сатып алу құны болып табылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында оның осы Кодекстің 724-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активтің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнының;
осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;
осындай салық төлеуші активті алғаш пайдалануға енгізген күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркеп-белгіленген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған оны реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар, амортизацияның есеп айырысу құнына азайтылған, осы Кодекстің 286-бабының 2), 13 және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркеп-белгіленген актив болып танылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:
осы тармаққа сәйкес айқындалған реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасының;
осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;
реконструкциялау, жаңғырту аяқталған күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 390-бабы 3-тармағының және 591-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда осы негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту реконструкциялау және жаңғырту деп танылады.
3. Тіркеп-белгіленген актив осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілуге жататын топқа қарай амортизацияның мынадай айлық нормалары қолданылады:
Р/с № | Топтың № | Тіркеп-белгіленген активтердің атауы | Амортиза цияның айлық нормасы, % |
1. | I | Мұнай және газ ұңғымаларын, сондай-ақ беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар | 0,83 |
2. | II | Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар | 2,08 |
3. | III | Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар | 3,33 |
4. | IV | Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай және газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары | 1,25 |
Реконструкциялау және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркеп-белгіленген актив осы баптың 2-тармағын қолдану мақсаттарында реконструкциялауға және жаңғыртуға ұшыраған тіркеп-белгіленген актив енгізілуге жататын топқа енгізіледі.
4. Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан;
салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін күнтізбелік 12 айдан аз уақыт қолданған;
салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде осы тармаққа сәйкес айқындалады.
Тіркеп-белгіленген активтердің бастапқы құны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданыла бастаған күннің алдындағы күнгі I топ объектісінің құндық балансының және (немесе) топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансының және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылған кезеңде осы Кодекстің 275 – 277 және 279 – 282-баптарына сәйкес айқындалған тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
278-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Өзі бойынша кіріс осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаттары үшін мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары немесе міндеттемелері орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күні, сондай-ақ өзі бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күні танылады.
2. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысулар кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысулар кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы