27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,95 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,6 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 12,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11,6 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.
2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
2-1. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс берушінің жұмыскерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 322-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII ҚРЗ
2-2. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
3. Жұмыс берушілер:
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы