26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға еспубликалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII ҚРЗ
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
6-1) жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушыла;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектігі бар адамдар;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.
2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
2033 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
2035 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
4. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары төленгенге дейін бір айға береді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы