26-1-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары:
1) субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін төленеді.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жұмыс істемейтін адамдар деп кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын, мұндай адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күнге тура келетін айдан кейінгі айдың алғашқы он жұмыс күні ішінде төленеді.
3. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы мемлекеттің жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы