259-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою, осы Кодекстің 260-бабында көзделген салдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бүлінген жерді рекультивациялау арқылы жүргізіледі.
2. Тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға осындай тоқтау күнінен бастап сегіз айдан кешіктірілмейтін мерзімде жоюға кірісуге міндетті. Тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісі нәтижесінде жер қойнауы учаскесінің аумағында орналастырылған техногендік минералдық түзілімдер лицензия тоқтатылған күннен бастап жер қойнауы құрамына олардың ресурстары ретінде енгізілген деп танылады және осы бапқа сәйкес жойылуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 261-бабының ережелеріне сәйкес бас тартқан жер қойнауы кеңістігі учаскесінің бір бөлігінде салдарды жою осындай бас тартқанға дейін жүргізіледі. Жою аяқталғаннан кейінгі және оны жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиядан алып тастағанға дейінгі кезеңде осындай учаскенің бір бөлігін пайдалануға жол берілмейді.
4. Жою актісіне қол қойылған күннен бастап жер қойнауы кеңістігін (оның бір бөлігін) пайдалану учаскесінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.
5. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды аяқтау мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізу үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы