Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 24-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу және бекіту Стандарттау туралы Заңы

24-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу және бекіту Стандарттау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

24-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу және бекіту Стандарттау туралы Заңы 

      1. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламалар, сондай-ақ ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының жобалары стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

      Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының жобаларын стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жария талқылау күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады. 

    Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын жария талқылау стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      2. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышын бекіту алдында әзірлеуші оның жобасын стандарттау жөніндегі ұлттық органға сараптамаға жібереді. 

      3. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары бекітіліп, ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін уәкілетті орган сақтау үшін депозитарийге береді. 

 

      Осы Заң ұлттық стандарттау жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған құқықтық негіздерді айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы