Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басым тәртiппен орындалуға мiндеттi. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың көлемдерi мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты өткізуге бөлiнетiн қаржы құралдарымен айқындалады. 

      2. Ұйымдарда әскери өкілдіктер құрылмайтын жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартта белгiленген шектерде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыратын өз өкілдерін оларға жiберуге құқылы. 

       Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.  

       3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жіберуге құқығы бар.  

       Аталған өкілдерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.  

      4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады. 

      Бұл ретте мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген нақты қолда бар материалдық құндылықтардың отыз пайызынан аспауға тиіс. 

      Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар пайдаланылған күннен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады. 

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады. 

      5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша міндеттемелерді қабылдау және төлемдерді жүзеге асыру мемлекеттік құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіліп, қаржыландырудың ерекше тәртібі бойынша жүргізіледі. 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы