24-бап. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы
1. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау ғылыми жетістіктерді, инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу, олардың бейімделу әлеуетін бағалау және оларды өнеркәсіп салалары, өнеркәсіп субъектілері бөлінісінде озық технологиялармен және ғылыми ұйымдардың технологиялық әзірлік деңгейімен сәйкестендіру үшін жүзеге асырылады.
2. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мынадай мақсаттарда іске асырылады:
1) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекеттік ынталандыру шараларын жүйелі және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ету;
2) ғылымды мемлекеттік ынталандыру шараларының қосылған құны жоғары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру технологияларын әзірлеуге бағытталуы;
3) өнеркәсiптік өндiрiстердiң технологиялылығын арттыру үшін ғылыми-практикалық шешiмдер iздестiру;
4) экономика секторларының ғылыми-технологиялық және сынақ базасын орнықты дамыту;
5) отандық технологияларды жасау және өндіріске ендіру және нарыққа шығару бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге әлеуетті тапсырыс берушіні айқындау;
6) тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми-технологиялық және сынақ базасын дамыту үшін ғылыми инфрақұрылымды қолдау;
7) қосылған құны жоғары Қазақстанда шығарылған тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту жағдайларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
3. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мыналарды қамтиды:
1) ғылыми жетістіктер, ноу-хау, инновациялар және зияткерлік меншік объектілері туралы ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері арасында ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуына және олардың нәтижелеріне кешенді талдау жүргізу;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелерінің деректер банктерін қалыптастыру;
5) ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды әдістемелік және ұйымдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Қазақстан ғылымы" бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алуына құқығы бар.
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің жоспарлары ғылыми жетістіктер мен инновациялар жөніндегі өзекті ақпарат ескеріле отырып іске асырылады.
Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы