22-бап. Жасөспiрiмдер үйi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы