Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

      1. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке, заңды тұлғаларға және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаларға (жай серіктестік, консорциум) танысу үшін мынадай: 

      1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның атауы мен заңды мекенжайы туралы; 

      2) мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын анықтаманың болуы туралы; 

      3) Бірыңғай оператормен жасасқан кепілдік беру туралы шарттың болуы және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Бірыңғай оператордан кепілдік алу тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда, оның негізгі шарттары туралы; 

      4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының болуы туралы; 

      5) құрылыс салушы өткізген көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобалары туралы; 

      6) құрылысы болжанатын көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы объектісі туралы; 

      7) уәкілетті компанияның жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттың болуы туралы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі ақпаратты ұсынады. 

      2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат: 

      1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны; 

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуін және сипаттамасын; 

      3) оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді; 

      4) мердігердің (бас мердігердің) атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, өзі мердігер (бас мердігер) ретінде әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды. 

      3. Уәкілетті компания өзінің интернет-ресурсында: 

      1) объектінің атауы және оның орналасқан жері; 

      2) айына бір реттен сиретпей жаңартылатын фотоесеппен расталған құрылыс барысы; 

      3) құрылыстың аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді орналастырады. 

      4. Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. 

      5. Осы бапқа сәйкес берілуге жататын ақпарат "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы