Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы 

       1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:  

       1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;  

       2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;  

       3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;  

       4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.  

       2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі пайда болған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Заңның 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.  

       3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.  

       4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:  

       1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;  

       2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.  

       5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.  

       Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.  

       6. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.  

      7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады. 

      Қабылданған шешім туралы хабарлама аккредиттеу субъектiсiне техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда не шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі. 

      8. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді. 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. 

      Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы