22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы, мынадай көлемде:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде отыз пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде елу пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс
Бұл ретте орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында орналастырылуға тиіс.
2. Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органды осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып, осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
3. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы өткізуді жоспарлайтын тұлға уәкілетті органды осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
4. Депозитарлық қолхаттарды шығару қағидаларында депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес беру тәртібі қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы