⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Ұлттық палата төралқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

21-бап. Ұлттық палата төралқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Ұлттық палата төралқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы  

      1. Ұлттық палатаның төралқасы (бұдан әрі – төралқа) өз мүшелерінің тақ санынан құралады және оны төраға басқарады. 

      Төралқа: 

      1) алып тасталды – ҚР 13.06.2018 № 160-VI (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің кемінде 5 депутатынан, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен; 

      2-1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілден; 

      3) төралқа комитеттерінің төрағаларынан; 

      4) өңірлік кеңестердің төрағаларынан қалыптастырылады. 

      2. Төралқа құрамын қалыптастыру мақсатында съездің шешімімен: 

      1) төралқа мүшелері қатарынан төралқа төрағасы; 

      2) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері; 

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары төралқа мүшелері лауазымына сайланады және лауазымынан босатылады. 

      4) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      Төралқаның сайланатын мүшелері өкілеттіктерінің мерзімі төрт жылды құрайды. Төралқа мүшелерін сайлау және атқаратын лауазымынан босату тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады. 

      3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).  

      4. Төралқаның айрықша құзыретіне: 

      1) Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және оның мақсаттарына қол жеткізуін бақылау; 

      2) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; 

      3) Ұлттық палата басқармасының төрағасын және мүшелерін сайлау; 

      4) Ұлттық палатаның басқармасына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға жәрдемдесу; 

      5) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының тексерулерін тағайындау және олардың қорытындылары бойынша есептерін бекіту; 

      6) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлттық палатаның қызметінде қолданылатын қағидаларды, регламенттерді және басқа да ішкі құжаттарды бекіту; 

      7) Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптарын және Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту; 

      8) өңірлік палаталардың дирекциясын қоспағанда, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардың бірінші басшыларын Ұлттық палата басқармасының ұсынуы бойынша тағайындау; 

      9) төралқа комитеттерін қалыптастыру, олардың сандық және дербес құрамын айқындау, олардың жұмыс регламентін бекіту; 

      10) өңірлік палаталардың үлгілік жарғысын және өңірлік палаталардың филиалдары туралы үлгілік ережені бекіту; 

      11) "Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін жүргізу, қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау тәртібін бекіту; 

       12) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      13) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру қағидаларын бекіту; 

      14) өңірлік палаталарды құру және жабу туралы шешімдер қабылдау; 

      15) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) жалпы санын ескере отырып, өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту; 

      16) өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібін, мерзімдерін және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібін бекіту жатады. 

      5. Ұлттық палатаның жарғысымен төралқаның құзыретіне өзге де мәселелер жатқызылуы мүмкін. 

      6. Төралқа мүшелері Ұлттық палатаның басқару органдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы. 

      7. Отырыста төралқа мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілігі болған кезде төралқа шешім қабылдауға құқықты. 

      Төралқа отырыстарында дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады. 

      Төралқаның осы Заңда көзделген айрықша құзыретіндегі мәселелер бойынша шешiмдері төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы дауыс санының кемінде үштен екісін құрайтын білікті көпшiлiк даусымен қабылданады. 

      Өзге мәселелер бойынша шешімдер төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. 

      Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді. 

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы