⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Тәрбиеленушiлердің ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

21-бап. Тәрбиеленушiлердің ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 21-бап. Тәрбиеленушiлердің ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы 

       1. Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарының құқықтары қалпына келтiрiлген, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларда олардың ата-аналарымен байланыс жасауына және табысуына кедергi жасамауға тиiс.  

       2. Әкiмшiлiк, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң басқа да жақын туыстарымен (ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiмен және апа-сiңлiлерiмен, аталарымен, әжелерiмен) байланыс жасап тұруына, мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, кедергi жасамауға тиiс.  

       3. Тәрбиеленушiлермен ата-аналарының және басқа да жақын туыстарының байланыс жасауына әкiмшiлiктiң келiсiмiмен рұқсат етiледi.  

       4. Тәрбиеленушiлердiң бұрынғы отбасына қайта оралуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы. 

      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы