21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы
1. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның өтініші, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімі Кеңестің соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжат қоса берілген хабары Кеңестің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымдарынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия судьяны кәсiптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешiмдi Кеңеске енгізеді.
Сот жюриі соттың төрағасын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешімді Кеңеске енгізеді.
2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін ондағы мәліметтерді "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабында көзделген төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкілеттіктерін тоқтату негіздерінің болуы тұрғысынан зерделейді.
Кеңес зерделенген материалдарға Кеңес регламентінде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге құқылы.
3. Тексерудің нәтижелері бойынша анықтама жасалады. Анықтамада анықталған мән-жайлар, тексерушілердің қорытындысы мен ұсыныстары қамтылуға және олардың қолдары қойылуға тиіс.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы