Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы 

      1. Осы Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі. 

      2. Ішкі істер органдары қызметкерінің бiр елді мекеннен елу километрден асатын қашықтықтағы екiншi елді мекенге көшуiне байланысты қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшесiне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленедi. 

      Ішкі істер органдары қызметкерінің қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiн қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады. 

      Ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді. 

      Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

      3. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге құқылы. 

       Ескертпе. Осы баптың 2-тармағында ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі. 

      Ішкі істер органдары қызметкерінің асырауындағы адамдар деп оның кірісі есебінен өмір сүретін және дербес кіріс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы