⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы 

      1. Демпингке қарсы шараны айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушының қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан жалтаруы үшін тауарды беру тәсілін өзгерту түсініледі. 

      2. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі. 

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште мынадай дәлелдемелер қамтылуға тиіс: 

      1) демпингке қарсы шараны айналып өту; 

      2) демпингке қарсы шараны оның айналып өту салдарынан әрекетін және осы фактордың мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер етуін бейтараптандыру; 

      3) демпингке қарсы шараны айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас бөліктерінің және (немесе) туындыларының) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас бөліктерінің немесе туындыларының қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында тиісті түзетулер ескеріле отырып, нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара енгізілген тергеп-тексеру барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады. 

      4. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап тоғыз айдың ішінде аяқталуға тиіс. 

      5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру кезеңінде экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын, демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ өзге экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын, демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж енгізілуі мүмкін. 

      6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады. 

      7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қолданылатын демпингке қарсы шараны айналып өту анықталған жағдайда, демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы