⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы  Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы 

       1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.  

      2. алып тасталды 
 

       3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:  

       радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;  

       ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;  

       егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.  

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.  
 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы. 

      Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы