21-1-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі Жылу энергетикасы туралы Заңы
1. Жылу энергиясын өндіру, беру және жылу энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жылумен жабдықтаудың сапасы мен көлемдері, жылу энергиясын тұтыну режимдері, жабдықтардың, жылу желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат береді.
2. Жылу энергиясын өндіру, беру және жылу энергиясымен жабдықтау процесіне қатысатын жылу энергетикасы объектілерін жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекітетін жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында айқындалады.
3. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
1) жылу энергетикасының жай-күйі мен даму болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
2) жылу энергетикасының даму болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
2) жылу энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
3) энергетикалық ресурстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
5) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
6) жылу энергетикасын есепке алудың интеллектуалдық жүйесінде ақпарат беру технологиясына қойылатын талаптар;
7) жылу энергиясын есепке алуды жүзеге асыратын, есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
5. Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері өздерінің жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауға міндетті.
Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы