⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 318-VІ ҚРЗ. 

       2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. ТОҚАЕВ 

  

Бейресми аударма 

 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы ЕКІНШІ ХАТТАМА 

      (2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 1, 2-құжат) 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер 

       2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес 

      төмендегілер туралы уағдаласты: 

       1. Жарғының 13-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

      а) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не, егер оларға өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кіреді."; 

      б) алтыншы абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Егер Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, онда аумағында Кеңестің кезекті сессиясы өтетін мемлекет атынан өкілдік ететін Кеңестің мүшесі Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) болып табылады."; 

       2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. 

      2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді. 

      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін 
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін 
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін 

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын. 

      ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасының бірінші хатшысы А.Бекбосынов 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы