2000-жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 316
Қазақстанның көпұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету мақсатында қаулы етемін:
1. 2000-жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын; Әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлеріне, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын; орталық атқарушы органдардың басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;
2) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейін Мәдениетті қолдау жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі, көпұлтты мәдениеттің барлық салаларын жаңғырту және өркендету мәселелерін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітсін;
3) Мәдениетті қолдау жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;
4) Мәдениетті қолдау жылы аясында белгіленген іс-шараларды бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы кең түрде насихаттауды және жариялап отыруды қамтамасыз етсін;
5) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияға Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Халық
бірлігі мен ұлттық тарих, Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылдары жүргізілген жұмыстарды жалғастыруды тапсырсын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы