Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң  

     1. Сезіктілер мен айыпталушылардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары күзетте ұстау орнының әкімшілігі арқылы жіберіледі.

      2. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен үй-жайлар, гауптвахталар қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.

      3. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды күзетте ұстау орындарының әкімшілігі олар берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей қарап, жөнелтуге тиіс.

      4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.

      5. Соттың, анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушінің немесе прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дереу жіберіледі.

      6. Ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға жауаптар сезіктілер мен айыпталушыларға қолы қойғызыла отырып хабарланады және жеке істеріне тігіледі.

      7. Өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныстар, арыздар мен шағымдар жасағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Күзетте ұстау орындарының мұндай қудалауға кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы