20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті компания екінші деңгейдегі бір банкте ғана ұлттық валютамен біреуден аспайтын ағымдағы шот ашуға міндетті.
Уәкілетті компания ұлттық валютамен ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банкте:
шетел валютасымен біреуден аспайтын ағымдағы шотты;
ұлттық валютамен біреуден аспайтын жинақ шотын ашуға құқылы.
Уәкілетті компания осы баптың 6-тармағының талаптарын одан әрі сақтаған жағдайда, уәкілетті компанияның осы тармақта көрсетілген шоттары арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға жол беріледі.
Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде уәкілетті компания рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі "B+"-тен төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасымен ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде ең азы қолданылады.
2. Уәкілетті компанияның банктік шотынан ақшаны пайдалану банктік шот шартының талаптарына сәйкес, инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыс актісі негізінде осы баптың 8-тармағына сәйкес қаржыландыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті компанияның ақшасын, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақшаны, қарыз қаражатын (болған жағдайда) орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
Құрылыс процесінде құны жобалау-сметалық құжаттамада белгіленгеннен жоғары құрылыс материалдарын сатып алу қажет болған жағдайда, уәкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей, қаражатты мынадай тәртіппен:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақшасын;
2) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде әрбір үлескерден түсетін түсімдер бөлінісіндегі үлестердің ақысын төлеуге алынған ақшаны;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында берілген қарыз қаражатын (бар болса) пайдалануына жол беріледі.
Осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақшасы болған жағдайда, уәкілетті компанияның үлескерлер ақшасын пайдалануына тыйым салынады.
Уәкілетті компания материалдардың құнын растау үшін уәкілетті компания мен құрылыс салушы бекіткен және авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инжинирингтік компаниялар келіскен құнның өзгерістері туралы тиісті құжаттаманы Бірыңғай операторға ұсынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақшаны орналастыру және пайдалану және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен жүзеге асырылған кезде банктік шот уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті төлеуге алынған ақшасын орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады.
6. Уәкілетті компания:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақша;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті төлеуге алынған ақша, оның ішінде әрбір үлескерден түскен түсімдер бөлінісінде;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында ұсынылған қарыз қаражаты (болған жағдайда) бөлінісінде банктік шот бойынша ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарт үлескердің ақшасын көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді төлеу есебіне аудару үшін негіз болып табылады.
8. Уәкілетті компанияның ақшаны мақсатына қарай жұмсауды сақтауы оларды:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға арналған шығындарға, авторлық және техникалық қадағалауларға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) банктік шоттар бойынша комиссияны және банктік қарызға қызмет көрсету бойынша сыйақыны төлеуге, сондай-ақ жобалық құнын шегере отырып, көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешені салу бойынша ақысы төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық сомасынан және уәкілетті компанияның банктік шотындағы ақшаның нақты қалдығынан аспайтын соманы аудару арқылы банктік қарыз бойынша негізгі борыштың бір бөлігін өтеуге;
2-1) осы Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес аванстарды төлеуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысымен және жобаны іске асырумен байланысты өзге де шығыстарына, жобалық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде, оның ішінде жарнама бойынша шығыстарға, басқарушылық персоналды ұстау бойынша шығыстарға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникациялық қызметтерге, офисті жалдауға байланысты шығындарға, сапаны бақылау жөніндегі техникалық паспорттарды дайындау, зертханалық сынақтар бойынша шығыстарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары төлемдеріне пайдалануымен қамтамасыз етіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Уәкілетті компания мен оның мердігерінің (бас мердігерінің) арасындағы көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылданғанға дейінгі ақшалай өзара есеп айырысулар тек банктік шот арқылы ғана жүзеге асырылады.
10. Үлескерлер ақшасының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, инжинирингік компания үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай операторды, жергілікті атқарушы органды немесе екінші деңгейдегі банкті (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) хабардар етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 11-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Уәкілетті компанияның банктік шотта орналастырылған ақшасы салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданғанға дейін, ал Бірыңғай оператордың кепілдігі алынған және одан әрі кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда – көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы аяқталған соң Бірыңғай оператордың шығындары толық өтелгенге дейін құрылыс салушының немесе уәкілетті компанияның осы Заңда көзделмеген үшінші тұлғалармен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелерінің нысанасы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы