⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Съезді шақыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

20-бап. Съезді шақыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Съезді шақыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

      1. Съезді Ұлттық палатаның төралқасы бір жылда бір реттен жиі шақырмайды. 

      2. Съездің кезектен тыс отырысы Ұлттық палата төралқасының шешімімен шақырылады. 

      3. Съезді дайындауды және өткізуді Ұлттық палатаның басқармасы жүзеге асырады. 

      4. Съезге қатысушылар съездің алда өтетіні туралы съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей, кезектен тыс съезд өткізілген жағдайда съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс. 

      5. Съезді өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жарияланады. 

      6. Съезд бастапқыда өткізілмеген жағдайда, съезд отырысын қайта өткізу съезді өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте белгілене алмайды. 

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы