Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы

20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы 

      1. Жастар форумы республикалық және өңірлік деңгейлерде өткізіледі. 

      2. Республикалық жастар форумы: 

      1) орталық, жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды; 

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды; 

      3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді. 

      3. Республикалық жастар форумында "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы талқыланады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі. 

      4. Өңірлік жастар форумы: 

      1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды; 

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды; 

      3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы