⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйым барлық мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті, мынадай мақсаттарды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалар мен стандарттарды әзірлейді және бекітеді: 

      1) мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын талаптарды айқындау; 

      2) мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін арттыру; 

      3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу; 

      4) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

      5) мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану; 

      6) мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қорғау. 

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс. 

      Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарының қабылдануы, мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

      3. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      5. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары бекітілгенге дейін қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі. 

       Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын олардың мазмұнының осы Заңның 24, 25 және 26-баптарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 

      Қағидалар мен стандарттарға қорытынды беру мерзімі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды. 

      Белгіленген мерзімдерде қорытынды берілмеген жағдайда қорытынды алынды деп есептеледі. 

      Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісуді не келісуден бас тартуды реттеуші мемлекеттік органдар олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

      Реттеуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары келісілді деп есептеледі. 

      6. Қағидалар мен стандарттар міндетті түрде өзін-өзі реттейтін ұйымның интернет-ресурсында орналастыруға және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға жатады. 

      Заңмен қорғалатын құпияны қамтитындарын қоспағанда, толық жазылмаған қағидалар мен стандарттарды жариялауға жол берілмейді. 

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы