20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру Кәсiптiк одақтар туралы Заңы
1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ шарттық негізде өздерінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Жүргiзiлетiн қоғамдық бақылауға жұмыс берушiнің тарапынан қарсы іс-қимылдың жасалуына және кедергi келтірілуіне жол берілмейді.
2. Кәсіподақтар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға тұрақты негізде қатысады.
3. Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
4. Кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамына тепе-теңдік негізде кіреді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы