Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 20-бап. Цифрлық объектілер және олардың түрлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

20-бап. Цифрлық объектілер және олардың түрлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Цифрлық объектілер және олардың түрлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі. 

      2. Цифрлық объектілерге мыналар жатады: 

      1) цифрлық жазбалар; 

      2) цифрлық активтер; 

      3) цифрлық ресурстар; 

      4) бағдарламалық қамтылым; 

      5) цифрлық жүйелер; 

      6) цифрлық платформалар; 

      7) цифрлық инфрақұрылым объектілері; 

      8) цифрлық деректер өнімдері; 

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де цифрлық объектілер. 

      3. Цифрлық объектілер уәкілетті орган қалыптастыратын және жүргізетін цифрлық объектілер сыныптауышында оларды сәйкестендіру, санаттау, сипаттау және есепке алу арқылы жүйелендіруге жатады. 

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға немесе пайдаланушылардың оларға қол жеткізуін шектеуге жол беріледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы