20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы
1. Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттарда ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындалмайды.
2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы