Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 20-бап. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

20-бап. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:  

      1) өтініш берушінің осы Заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы; 

      2) құрамына банк кіретін банк конгломератының өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңде пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;  

      3) осы Заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыру жөніндегі талапты орындамауы; 

      4) банктің жарғылық капиталының осы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі; 

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас операциялар түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;  

      6) өтініш берушіге банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшінің жойылуы; 

      7) өтініш берушінің даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) мыналарды: 

      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін өтініш беруші қызметінің рентабельді болатынын; 

      өтініш берушінің және (немесе) құрамына өтініш беруші кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтынын; 

      өтініш берушінің оның даму стратегиясына сәйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымының бар екенін растайтын мәліметтерді ұсынбауы; 

      8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар ішінен өтініш берушінің басшы қызметкеріне келісім берілмеуі (банк лицензиясын алуға алғаш рет жүгінген өтініш беруші үшін);  

      9) осы Заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі басшы қызметкердің Қазақстан Республикасының резиденті болуы жөніндегі талаптың сақталмауы;  

      10) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі; 

      11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі. 

      2. Банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда өтініш беруші соның негізінде бас тарту алынған сәйкессіздіктерді жоюға және түзетілген (нақтыланған) құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыныла отырып, банк лицензиясын алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы. 

      Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша банк лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жоюға және өтініш берушіге келісім беруден бас тартылған адамның орнына осы Заңның 45-бабының және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының талаптарына сәйкес өтініш берушінің басшы қызметкері лауазымына өтініш беруші ұсынатын жаңа адамға қатысты құжаттар мен мәліметтер ұсыныла отырып, банк лицензиясын алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы