⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

20-бап. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 20-бап. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы 

      1. Әскери қауіпсіздік: 

      1) мемлекеттің қорғаныс қабілетінің қажетті деңгейін сақтап тұрумен; 

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік дайындығын сақтап тұрумен; 

      3) экономиканың жұмылдыру дайындығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құрумен; 

      4) қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық құрылымдарының шеңберіндегі әскери ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды кеңейтумен, әлемде өзара сенімді күшейту және әскери қауіптілік деңгейін төмендету мақсатында ядролық қарусыздану бастамасын ілгерілетумен; 

      5) Азаматтық қорғаныстың ел халқы мен аумағын қорғау дайындығын сақтап тұрумен қамтамасыз етіледі. 

      2. Мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдарының, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың мiндетi: 

      1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайтуға; 

      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлiк дайындық деңгейiн сақтап тұруға және арттыруға; 

      3) жұмылдыру қуаттарын сақтауға және жұмылдыру резервтері жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады. 

      3. Мынадай: 

      1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік дайындығына нұқсан келтiретін; 

       2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қатысты "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 3-1 және 3-2-тармақтарының талаптарын бұзуға алып келетін шешiмдер қабылдауға және iс-қимылдар жасауға тыйым салынады. 

      4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда: 

      1) Қазақстан аумағында шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери базаларын орналастыруға; 

      2) шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi. 

      5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес тартылады. 

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы