20-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларына қойылатын талаптар Өзін-өзі реттеу туралы Заңы
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында мыналар:
1) жалпы ережелер (өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы, терминдер мен анықтамалар);
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын жалпы талаптар, мүшелердің (қатысушылардың) кәсіби мінез-құлық қағидалары;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібі;
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
5) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жауапкершілігі және оған тарту тәртібі;
6) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі;
7) мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар;
8) өзін-өзі реттейтін ұйымның атына келіп түскен, оның мүшелеріне (қатысушыларына) берілген шағымдар туралы реттеуші мемлекеттік органға хабар беру тәртібі;
9) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету шараларын пайдалану тәртібі;
10) дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі;
11) қорытынды ережелер (қағидаларды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделуге тиіс.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары іскерлік әдеп қағидаларының талаптарына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға тиіс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғаларға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін әрекеттер, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не өзін-өзі реттейтін ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға кедергі келтіретін талаптарды белгілеуге тиіс.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы