2-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау