⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы 

      1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін нақты және ықтимал қауіптерден қорғау болып табылады. 

      2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының мызғымастығын, оның ішінде тәуелсіздігін, біртұтастығы мен президенттік басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және ел аумағының бөлінбестігін, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; 

      2) елдегі саяси тұрақтылықты, мемлекет экономикасының орнықтылығын қолдау; 

      3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді уақтылы анықтау (айқындау), жою немесе оқшаулау, сондай-ақ оларды талдау, болжау және болғызбау; 

      4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси, құқықтық, экономикалық, техникалық, әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық, тактикалық, жедел және өзге де шаралары жүйесін әзірлеу және іске асыру; 

      5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны жетілдіру. 

      Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы