Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы

2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) коллекторлық агенттіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;

      2) коллекторлық агенттіктердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;

      3) борышкерлердің және (немесе) олардың өкілдерінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.

      3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;

      2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;

      3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы