1997 жылғы 8 қазанға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3605
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 69-бабына және 1995 жылғы 5 желтоқсанда екi жылға сайланған Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына байланысты қаулы етемiн:
1. 1997 жылғы 8 қазанға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауы тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау iс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығында белгiленген ережелерге сәйкес және мерзiмде өткiзiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қажет болғанжағдайда осы Жарлық күшiне енген күннен бастап жетi күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын өзгертсiн. Қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын кiдiрiссiз хабардар ететiн болсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы