19-бап. Жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау Жылу энергетикасы туралы Заңы
1. Жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау (бұдан әрі – өндірістік бақылау) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жылу энергетикасы объектілерінде жүзеге асырылады.
2. Өндірістік бақылаудың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) жылу энергетикасының объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайларды қауіпсіз пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;
3) жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өткен жұмыскерлердің жұмысты жүзеге асыруы;
5) жабдықты, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға әзір күйінде күтіп-ұстау;
6) жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді уақтылы дайындау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде уақтылы жүзеге асыру;
7) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
8) жұмыстардың жүргізілу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;
9) технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
3. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді.
Өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
4. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесі бойынша және атқаратын лауазымы құрылымдық бөлімше басшысынан төмен болмауы тұрғысынан сәйкес келуі бөлігінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.
5. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану мен жұмыстар жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілер жұмыскерлерінің назарына жеткізуге;
6) жылу өндіруші немесе жылу тасымалдаушы субъектінің басшысына немесе оны алмастыратын адамға:
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жұмыскерлердің өміріне, денсаулығына қатер төндіретін немесе технологиялық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін, Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
7) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін не сұрау салу бойынша (авариялар мен І дәрежедегі істен шығулар орын алған жағдайларда) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес есепті ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
6. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның:
1) жылу энергетикасының объектілеріне және олардың құрамына кіретін ғимараттарға, үй-жайларға, құрылысжайларға тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруге;
2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға құқығы бар. /
Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы