19-бап. Ұлттық палатаның съезі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы
1. Ұлттық палатаның съезін (бұдан әрі – съезд) Ұлттық палата төралқасының төрағасы басқарады және ол аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары) өкілдерінің және өңірлік кеңестер делегаттарының тең санынан қалыптастырылады.
2. Алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Съездің айрықша құзыретіне:
1) Ұлттық палатаның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) Ұлттық палата төралқасының мүшелерін, Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және лауазымынан босату;
2-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) Ұлттық палатаның төралқасы мен Ұлттық палата басқармасының есептерін бекіту;
5) осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде съезд белгілеген сатылауға сәйкес, олар үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіткен міндетті мүшелік жарналар мөлшерін бекіту;
6) өңірлік палаталарды қоспағанда, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғаларды құру және тарату туралы шешімдер қабылдау;
7) Ұлттық палатаның бюджетін бекіту;
8) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту;
9) шет мемлекеттер аумағында Ұлттық палатаның филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
10) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс Ұлттық палата қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту;
11) Ұлттық палата мүшелеріне көрсетілетін тегін қызметтердің тізбесін бекіту;
12) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату туралы шешім қабылдау жатады.
4. Съезд тағайындалған өкілдер мен сайланған делегаттардың жалпы санының қарапайым көпшілігі отырыста болған кезде шешімдер қабылдауға құқылы.
Съезде дауыс беру "бір өкіл (делегат) – бір дауыс" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Дауыс беру көзбе-көз нысанда жүзеге асырылады. Съезде дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
Съездің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер отырысқа қатысушы өкілдер мен делегаттардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
5. Өңірлік кеңестерден съезге делегаттарды сайлау тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы