Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау Өсімдіктерді қорғау туралы Заңы 

      1. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану жағдайларының өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің міндетті талаптарына сәйкестікті айқындау үшін үлгілер іріктеп алынады. 

      2. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңы. 

       Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы