⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы 

      1. Демпингке қарсы баж, осы Заңның 18-бабына сәйкес баға міндеттемелері мақұлданған экспорттаушылар беретін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар беретін және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға қатысты қолданылады. 

      2. Комиссия демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның демпингке қарсы бажды енгізу туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі. 

      3. Демпингке қарсы баждың мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болуға, бірақ есептелген демпингтік маржа мөлшерінен жоғары болмауға тиіс. 

      Комиссия есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде, егер мұндай мөлшер мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. 

      4. Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды әрбір экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржа есептелген, олар беретін тауарға қатысты белгіленеді. 

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерінен басқа, тергеп-тексеру барысында есептелген барынша жоғары демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептелмеген экспорттаушы үшінші елден тауарды барлық басқа экспорттаушылар немесе өндірушілер беретін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі белгіленеді. 

      6. Демпингке қарсы баж, егер тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша осы тауарға қатысты төмендегiлер анықталған болса, алдын ала демпингке қарсы баж енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте емес, орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын кедендiк рәсiмдерге орналастырылған тауарларға қатысты бір мезгілде: 

      1) залал келтiрген демпингтiк импорт бұрын болса немесе импорттаушы экспорттаушының тауарды оның қалыпты құнынан төмен бағамен беретiнін және тауардың мұндай импорты мүше мемлекеттердiң экономика саласына залал келтiруi мүмкiн екенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса; 

      2) мүше мемлекеттердiң экономика саласына залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңi iшiнде едәуір өскен демпингтiк импорттан келтiрiлгенiн, оның ұзақтығы мен көлемiн, сондай-ақ басқа мән-жайларды (оның iшiнде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуi) ескере отырып, демпингке қарсы бажды енгiзуден қалпына келтiру тиiмдiлiгiн осы тауарды импорттаушыларға тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн түсініктемелер беру мүмкiндiгi берiлген жағдайда айтарлықтай азайту мүмкiн болса, қолданылуы мүмкiн. 

      7. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың интернет-ресурсында тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты осы баптың 6-тармағына сәйкес демпингке қарсы баждың қолданылуы мүмкін екендігі туралы ескертуі бар хабарлама орналастырады. 

      Мұндай хабарламаны орналастыру туралы шешімді тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген шарттардың орындалғанына жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрау салуы бойынша немесе тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды. 

      Демпингке қарсы баж, орналастыру шарты осы тармақта көрсетілген хабарлама орналастырылған күнге дейін демпингке қарсы бажды төлеу болып табылатын кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы