⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

       Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      1. Облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының оларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қарағаннан кейін енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды. 

      1-1. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған және тиісті қорытынды алған адамдардың қатарынан қарайды. 

      2. Аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс. 

      Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. 

      Кассациялық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. 

      Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Соттың судьялары арасынан ұсынылады. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       2-тармақтың бесінші абзацы 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).  

      3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі. 

      3-1. Аудандық сот төрағасының лауазымына бос орынды жариялау туралы шешімді аудандық соттар төрағалары өкілеттіктерінің мерзімі ескеріліп, Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. 

      Бос орын туралы хабарландыру Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады. 

      3-2. Кеңес аудандық сот төрағасының бос лауазымына өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 

      Мұндай тексеруді жүргізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

      3-3. Кеңестің кадрлық резервте тұрған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына кандидаттарды енгізу тәртібі, аудандық соттың төрағасы лауазымына облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған кандидаттарды іріктеу тәртібі, сондай-ақ кандидат лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда, Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

      3-4. Кандидат аудандық соттың төрағасы лауазымына тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және: 

      1) аудандық сот төрағасының бос лауазымы кеңейтілген жалпы отырыста сайланған өзге кандидаттарға ұсынылуы мүмкін; 

      2) қайта іріктеу жариялануы мүмкін. 

      4. Кеңес отырыста аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына сайланған немесе ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды. 

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы