19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Ақпарат беруші:
1) берілетін ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға;
3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруге келісімін алуға;
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;
4) кредиттік бюроларға берілген ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;
5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;
6) цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
7) кредиттік ақпаратты алу мен өңдеудің тиісінше шарттарын өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға:
осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін – осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;
осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар) бойынша кредиттік тарих субъектісі жеке тұлға туралы ақпарат беруге міндетті, онда:
жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, өтініштің сәйкестендіргіші, банктік қарыздың (микрокредиттің) сомасы көрсетіле отырып, шарт жасасуға өтініш беру күні мен уақыты;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтінішті мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту күні мен уақыты, осындай өтініштің сәйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша мақұлданған банктік қарыздың (микрокредиттің) және ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы;
осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтініш бойынша банктік қарызды (микрокредитті) беру күні мен уақыты, осындай өтініштің сәйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша берілген банктік қарыздың (микрокредиттің) және ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы қамтылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында жасалған және қарыз сомасын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) тікелей банктік шотына аударуды көздейтін тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтініштерді қоспағанда, бұрын жасалған, талаптарында өтініш негізінде ақшаны толық көлемде немесе бөліп-бөліп беру көзделген шарт шеңберінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтінішке не тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтінішке қолданылады.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген цифрлық технологияларды пайдалануға және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) өздері кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгіленген, өзге де ақпарат берушілерге қойылатын талаптарды сақтауға тиіс;
2) алып тасталды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау